Шымкентте 7 жастағы қыз бала бассейнге құлап мерт болды

Атап айтқанда, кеше күндіз сағат 15.50-лер шамасында 2009 жылы туған Ж.Алпысбай абайсызда өзенге құлап кеткен. Сәбидің денесін туыстары 10-15 минут өткеннен кейін тауып, судан шығарып алған.

Сондай-ақ Шымкент қаласында Герцен көшесіндегі жекеменшік үйдің ауласындағы бассейнге 7 жастағы қыз бала байқаусыз құлап кетіп, мерт болды. Оқиға кеше түскі сағат 12.24 шамасында орын алған. 2007 жылы туған баланың денесін туыстары судан шығарып алған, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.


Сонымен қатар 4 мамыр күні Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Әйтек каналына таңертеңгі сағат 10-да абайсызда құлап кеткен 2006 жылы туған А.Ганиевтің мүрдесі кеше, 10 мамыр күні табылды. Құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ Қызылорда облысының ТЖД судан құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылған.