Шымкентте 700-ге тарта мектеп түлегі ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинады

ҰБТ тапсырмаларында ең жоғары балл -140 болса, №7 жалпы орта мектептің оқушысы Анеля Сатқанбай   – 136 баллды еншіледі, деп хабарлайды Otyrar.kz.

136 балл алған Анеля Сатқанбай

Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, маусымның 23-жұлдызында  тестілеуге қатысуға 6 мектептен 463 (415 қазақ, 48 орыс тілдерінде) бітіруші  өтініш берген. Бірақ,  3 оқушы өз өтінішімен тестілеуге қатыспады.  Түлектерді аудиторияға кіргізу кезінде заң талаптарының бұзылуы орын алған жоқ. Барлық түлектер арнайы рамалы металл-іздегіш арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынды. Сондай-ақ, ҰБТ ережесін бұзып, аудиториядан шығарылғандар тіркелмеген.

Ал қала бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын оқушылардың барлығы – 5059 болса, бүгінге дейін оның 2746 -і тест тапсырды.  Орта балл көрсеткіші – 83,1-ге жетті. Әзірге 668 (24,3 %) оқушы 100 балдан жоғары  жинап отыр!


Айта өтейік, биыл Шымкент қаласында 11-сыныпты 7 431 оқушы тәмамдады. Оның ішінде – 4 941 қазақ, 1 326 орыс, 1 164 өзбек сыныптарының бітірушілері.