Шымкентте 7-ші қабаттан құлаған әйел аман қалды


7-ші қабатта пәтер жалдап тұрып жатқан 24 жастағы келіншек Қырғызстан азаматшасы екен. Сауда-саттықпен айналысу үшін күйеуі мен ұлы үшеуі Шымкентте келіпті. Жолдасы есікті бекітіп кеткендіктен, 5-ші қабатқа   түсуге бел буған. Бірақ, шиыршықтаған шүберегі үзіліп кетіп, бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлапты. Қазір, ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жуырда төсектен тұруы екіталай дейді.