Тергеу кезінде егде жастағы азаматтың қан қысымы көтеріліп кеткен, - дейді облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова. Алайда қария жазадан құтылмайды. Сауыққан соң бірден қамауға алынуы да мүмкін. Оның үстінен ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Тіпті 1932 жылы туылған азаматқа қатысты сот психикалық сараптамасы да тағайындалыпты. Қаладағы Алдияров көшесінің тұрғыны 83 жастағы қарияның ойнап жүрген 5 жасар қыз балаға өзінің жыныстық мүшесін ұстатып, азғындық әрекет жасап тұрған сәтін түсіріп алған. Абырой болғанда ойын баласын анасы дер кезінде алып кеткен. Көше тұрғындары бірден тәртіп сақшыларын шақырып, көршілерінің кереғар әрекетін әшкерелеп берген. Тіпті қарияның көптен бері осындай азғындық әрекет жасап жүргенін айтқан, деп хабарлайды
http://24.kz/kz сайты.