Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 36 жастағы Ауғанстан азаматы Мирсаис Дадвал өзін Пәкістандық фирманың директоры ретінде таныстырып, қажылық сапарға ниет етушілерге қолұшын беремін деп уәде жасаған. Ол өз қызметі үшін 700 доллардан жоғары пұл сұраған. Қазіргі жағдаймен полицияға алаяқ алдап кеткен 8 адам шағым беріп отыр. Олар жалпы алғанда 10 мың долларға алданып қалған. Тәртіп сақшылары алданғандар қатары мұнымен аяқталмайды деп пайымдайды.
Тергеу барысында белгілі болғанындай, былтырғы қаңтар айында М.Дадвал 105 адамды Меккеге қажылыққа жіберу ісінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Ордабасы -НЖ" туристік фирмасына делдалдық жасаған. Ол Қазақстаннан Карачиге дейін ұшақ жалдап, одан әрі басқа ұшақпен адамдарды Джидда қаласына дейін жеткізуге міндетті болған. Алайда, Қазақстандық ұшақты жалдауға 28 мың доллар төлеген М.Дадвал қалған ақшаны алып ғайып болған. Сол кезде әр адам қажылыққа бару үшін 1700 доллар төлепті. Сөйтіп қазір М.Дадвал тергеу абақтысында отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" жөніндегі 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті