Шымкентте әйел 7 сағат шұңқырда жатқан

7 метрлік кәріздік шұңқырға әйел түнде құлап кеткен. Ал «Самал» шағын ауданынан шақыру таңертең ерте түскен, дейді ОҚО ТЖД құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин.

Әйелді альпинистік құрылғының көмегімен алып шыққан. Ол құлаған кезде аяғын жарақаттап алған.

Көшеде келе жатқан әйел бетон шұңқырды көрмегенін айтты. Құдай сақтап, 7 сағат шұңқырда отырған ол аман қалды.