Әл Фараби аудандық сотында үкім 4 ақпанда жарияланды. "Баларды СПИД-тен сақтайық" қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаеваның айтуынша, сот істі үш ай бойы қараған, сотталушы ешқайда кетпеу туралы қолхат берген, бірақ сот үкімін естуге келмеген.
"Сотталушы мен жәбірленуші де ВИЧ жұқтырған науқастар, сол себепті олардың есімдері аталмайды. Айыпталушы төрт жылға жалпы режимдегі колонияға сотталды. Ол бір айдың көлемінде жәбірленушіге бір жарым миллиард теңге көлемінде моральдық және материалдық шығын төлеуі тиіс", - деді Жаннетта Жазықбаева.
Ер кісі 2001 жылдан бері облыстық СПИД орталығында есепте тұрғын. Бұған дейін сотталғаны ескеріліп, оған бас бостандығынан айыру жазасы берілді.