Қылмыстық оқиға жеке сектордағы үйде болды, деп хабарлады кезекші бөлімнен. Оқиға орнына жеткен полицейлер бірнеше рет пышақ сұғылған жігітті көрген. Кісі өлтірді деген күдікпен 74 жастағы ер адам ұсталды. Ол - қаза болған жігіттің әкесі. «Ол мені ұрып-соғатын, екі қабырғамды сындырды. Жаңа тағы ішіп алып, мені ұра бастады. Мен шыдай алмадым да, қолыма түскенін алдым», - деді ұсталған адам тергеу барысында.
Белгілі болғандай, ол қолына түскен пышақты өз баласына сұғып алған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.