Шымкентте АХАЖ маманы пара алды деген күдікпен құрықталды



Ақпаратқа сәйкес, қалалық АХАЖ бөлімінің бас маманы өзінің жұмыс бөлмесінде облыс орталығының тұрғынынан пара алғаннан кейін ұсталды. Шенеунік әйелдің жұмыс үстелінен белгі соғылған 3 мың АҚШ доллары шықты. Бұл ақшаны бөлімнің бас маманы Шымкент тұрғынынан Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын құжаттарды рәсімдеп беру үшін талап еткен.

Тұтқынның үстінен қылмыстық іс қозғалды.