Баспасөз хатшысының ақпаратына сүйенсек, №1 халыққа қызмет көрсету орталығына жергілікті тұрғын өтініш жолдаған. Оған жер телімінің мемлекеттік актісін рәсімдеп, жер телімі кепілде тұрған жоқ деген анықтаманы жедел алу қажет болған. 33 жастағы кеңесші 45 мың теңге төленсе, жоғарыда аталған қызметтер мезгілінде орындалады деп сендірген.
Әйел қаржы полициясына келіп шағымданған. Шұғыл әрекеттердің нәтижесінде ақша алып жатқан кезінде №1 халыққа қызмет көрсету орталығының машықтанушысы (сынақ мерзімінен өтіп жүрген адам) қамауға алынған. Оның шалбарының қалтасынан белгіленген ақша табылған. Тұтқындалушы ол ақшаны кеңесшінің алып кет деп өтінгенін айтқан.
Кеңесшіге қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: алаяқтық және пара беруге итермелеу бойынша айыпталып отыр.