Шымкентте әлемдік жұлдыздардың қатысуымен концерт өтеді

13 қазан күні сағат 19.00-де Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда (Шымкент қ., Қазыбек би к-сі, 7) Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаттарының, халықаралық байқаулардың, Қазақстанның көрнекті музыканттары мен солистерінің ауқымды концерті өтеді.

Сіздерге Гаухар Тасбергенова, Бибігүл Жанұзақ, Ермек Құрманаев, Ардақ Балажанова, Татьяна Вицинская, Есбол Шаңбаев, Айгүл Азатова және Марат Айтымбай сынды халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді.

Келіңіздер, әйгілі ария мен қазақ әндерін тыңдаңыздар!

Кіру тегін.