Оның айтуынша, алқа билер ақтау үкімін шығарған, себебі "аталмыш қылмысты дәл осы адамның жасағандығы туралы толық дәлелдер жоқ". Сонымен қатар, ол 23 жасар жігітке өзінің қартаң туысқанын өлтірді деген айып тағылғандығын хабарлады.
"Айыптау ісінде айыпталушының бірінші жауап алуда адам өлтіргендігін мойындағандығынан басқа ешқандай айғақ та, дәлел де жоқ",- деді О. Потехина. Оның айтуынша, тіптен оқиға болған жерден алған саусақ ізінің таңбалары да "ұшты-күйлі жоғалып кеткен".
Алқа билер өлтірілген әйелдің қарызға пайыздық өсіммен ақша беретіндігіне назар аударған, яғни одан қарыз алғандардың бұл қылмысты жасауларына себеп бар, бірақ тергеу бұл болжамды қарастырмаған.
"Айыпталушы өзіне қысым көрсетілгендіктен қылмысты мойындаған жауап бергендігін мәлім етті. Нәтижесінде алқа билер айыпталушының кінәсі дәлелденбеген деген пікірге келіп, ол сот залынан босатылды",- деп түсіндірді О. Потехина.
Айыпталушының адвокаты Борис Шин агенттік тілшісіне "Біз істің алқа билердің қатысуымен өтетін сотта қаралуына әрең қол жеткіздік, ол біз үшін оңайға соққан жоқ", деп хабарлады.
Облыстық соттың мәліметтеріне сүйенсек, бұл Оңтүстік Қазақстан облысындағы алқа билердің қатысуымен өткен бірінші сот.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті