Шымкентте анасы тастап кеткен ұл мен қыз үйлеріне оралғысы келмейді


8 жасар Михаил мен 5 жастағы қарындасы Янаның ақыл-есі дұрыс, дендері сау. Тек, жалдамалы пәтерлерді жағалаған жалғызбасты анасы екеуіне дұрыс қарамаған екен. Үнемі арақ ішіп, балаларын ұрып-соғатын кездері де аз болмаған. Сондықтан, ағайындылар балалар үйіне түскеніне қуанбаса, қабақ шытып отырған жоқ. Орталыққа келгенде әркімнен шошып, үрпиісіп жүріпті. Қазір, көңілдері жайланып, өздерін еркін сезінеді. Михаил тіпті мектеп жасынан асып кетсе де әріп танымайды. Енді орталықтағы өзге оқушылармен бірге сабаққа да баратын болды.