Тапа-тал түсте дүкенге кірген жігіт қожайынның жоқ екенін көріп, бірден суырмаларды ашып ақша іздей бастады. Бұрын осы жерге келіп жүргені байқалады. Еш бөгелместен теңге тұруы мүмкін түкпірлерді қарап шықты. Бірнеше минут ішінде жарты дүкенді ақтарған ол бар болғаны екі мың теңге тапқан. Тек дүкеннің шыға берісінде оны бейнекамерадан көріп тұрған күзетшілер мен полицейлер күтіп алды. Енді оңай жолмен пайдаға кенелгісі келген ұры екі мың теңге үшін үш жылын темір торда өткізуі мүмкін.
Loading...