Шымкентте апат салдарынан газсыз қалған 190 жай үйге табиғи газ жіберілді

"18 наурыз күнгі 17 сағат 30 минуттағы жағдаймен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, барлық тұтынушыларға табиғи газ қайта жіберілді", -деп хабарлайды ТЖМ.

Еске сала кетейік, Шымкентте 14 наурызда 14 сағат 50 минутта "Қазтрансгаз Аймақ" АҚ апаттық-диспетчерлік қызметінің диспетчерінен жоспарлы тексеру кезінде орта қысымды диаметрі 150 мм-лік жер асты газ құбырынан табиғи газ шығып жатқанын анықталғаны хабарланды. Соның салдарынан 636, 303, 627, 567, 248, 249 -ші шкафты тарату пункттері газдан ажыратылды. Жеке меншік сектордағы 190 абонент газсыз қалды.