Шымкентте апатты ғимараттарды сейсмологиялық нығайтуға 472 млн. теңге бөлу көзделіп отыр

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, таяуда Шымкент қаласының әкімі Ғалым Жұмжаев апатты жағдайдағы ғимараттарды күрделі жөндеу және сейсмологиялық қауіпті нысандарды нығайту туралы бағдарламаны бекітті. Бағдарлама 2005-2010-жылдарға есептелген.

Бағдарламаға сәйкес, қалада 39 тұрғын үй мен 11 мектепке күрделі жөндеу жасалады. Бұл ғимараттардың қабырғалары мен фундаменті нығайтылып, шатыры мен коммуникациялық желілері жөнделеді.