"Желдету жүйесінің ақаулары жойылды. Қазіргі сәтте лайнер ұшуға рұқсат сұрап тұр", - деп хабарлады әуежай қызметкері. Оның айтуынша, лайнер апаттық жағдайда қонғаннан кейін Алматыдан басқа бір ұшақ келіп, "Боинг" ұшағының барлық жолаушыларын алып кеткен. Бүгін Шымкентке Тәжікстаннан мамандар келіп желдету жүйесіндегі ақауларды жөндеген.
"Ешкімнен ешқандай шағым түскен жоқ. Жолаушылар тып-тыныш ұшып кетті. Жөндеушілер қалыпты жағдайда жұмыс істеді", - деп хабарлады әуежай қызметкері.