Шымкентте ақша үшін күйеуін өлтірген келіншек ұзақ мерзімге сотталды


Шымкенттегі автобазардың қожайыны Рашид Жұманов 2010 жылдың сәуірінде қайтыс болған. Оның аяқ асты көз жұмғанынан сезіктенген полицейлер іс қозғап, жұбайы Әлия Жұманованы басты күдікті ретінде қамауға алған болатын. Әйелі бизнесті қолына алу үшін күйеуіне қастандық жасап 1 ай бойы оның сусынына улы препараттар қосып отырыпты. Қазір бір шаңырақтың шайқалуына түрткі болған автобазар жабылып тынды. Ал сауда орнына таласқан әйел енді 10 жылын түрмеде өткізеді.