Шымкентте арнаулы қызметтің бұрынғы қызметкері кішкентай балаларды зорлаған күдікті ретінде ұсталды - ақпарат көзі



Ақпарат көзінің нақтылауынша, ұсталған бұрын ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінде істеген және ол ұсталардан біраз уақыт бұрын жұмыстан шығарылған.

Прокуратурадағылар педофилдің ұсталу дерегін растады. "Әзірге тергеу күдіктінің төрт жасар екі қыз баланы зорлағаны жөніндегі мәліметтерге ие болып отыр", - деді Шымкенттің Әл-Фараби аудандық прокуроры Нұрлан Әбдіраманов. Оның айтуынша, көп қабатты үйде тұратын 30 жастағы күдікті көршілердің балаларын үйдің жертөлесіне шақырып алып әрекет етіп келген.

"Бұл біздің облыста бұрын -соңды сирек болған қылмыс, іс жүзінде бұрын мұндай дерек тіркелмеген", - деді прокурор.