Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді


Спортшылар турнир аясында көкпардан 12-ші, аударыспақтан 4-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан жарыстарға қатысады.

Биыл жарысқа барлығы 6 команда қатысуға ниет білдіріп отыр.

Турнирдің тұрақты қатысушылары қырғыз ағайындар биыл өздерінде өтетін жарыстарға байланысты келе алмайтын болды. Ал Өзбекстан спортшылары жарысқа сақадай-сай, тиісті құжаттар реттелген соң жарыстан бірнеше күн бұрын шымқалаға ат басын тірейді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.