Шымкентте аштық жариялаған кәсіпкерлердің біріне медициналық көмек қажет болды

А. Әлметовтың айтуынша, кеше кешке 16 сағат шамасында аштық жариялап жатқан 35 жастағы Ділмұрат Ерісметовтің іш құрсағы қатты ауырып, есінен танып қалған. Жедел жәрдем шақырылып, зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

Қалалық жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлерінің хабарлауынша, Д. Ерісметовты қараған дәрігерлер "созылмалы гастриттің асқынуы" деген диагноз қойған. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін кәсіпкер ауруханаға жатудан бас тартқан.