Шымкентте әскери техника мен қару-жарақ мұражайы ашылмақшы

Осындай мұражайлар құру дәстүріне сәйкес, қару-жарақтар ашық аспан астында орналасатын болады, деді Ш.Өтегенов. ҚР Қарулы күштерінің бас қару-жарақ басқармасы мұражай үшін 57 және 76 мм-лік екі зеңбірек, 152 миллиметрлік гаубица мен зеңбірек-гаубица, бір танк, екі бронетранспортер мен басқа да техника бөлуге әзірлік танытқан.

Ш.Өтегеновтың айтуынша, әзірге әскери техниканы жеткізуде қиындықтар туындап отыр. Алайда, ол қазан айында атап өтілетін қала күніне дейін мұражай ашылады дегенге сенім білдірді.