Шымкентте атақты фирманың жалған киімдері тәркіленді

Оларды тәртіп сақшылары тәркілеп жатқанда, дүкен қожайыны дөкейлерге телефон шалып қыр көрсетумен болды. Сөйтсе қорқатындай-ақ бар екен. Дүкеннің өзінен 1 миллион 125 мың теңгенің заты тәркіленді. Сатушылар бренд тауарды бірнеше жылдан бері білместіктен сатып келеміз деп ақталды. Енді 200 данадан асатын спорт киімдері мен жабдықтардың тағдырын сот шешеді. Ал көптен бері айласын асырып келген кәсіпкерге тек 80 мың теңге айыппұл салынды.

Loading...