Шымкентте атақты саябақ отқа оранды

100-ден астам ағаш жанып кетті. Дәл Президент Резиденциясының маңынан шыққан өрт 60 сотық жерді шарпыған. 30 адам бір сағаттан астам уақыт тілсіз жаумен алысты. Қазір, қауіпсіздік техникасын сақтамаған жұмысшыға қатысты біреудің мүлкіне зақым келтіру бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Дендросаябаққа нақты қанша шығын келтіргені де есептелуде.

Loading...