Шымкентте атынан ат үркетін халықаралық қылмыстық топтың басшысы сотталып жатыр

Үстіне ақ жейде мен қымбат костюм киген орта бойлы азаматқа қарап өмірінің жартысын темір тордың аржағында өткізген азаматты тану қиын. Бондо Стуруа 42 жасқа келгенше 4 мәрте түрмеге түскен. Оны 2 жыл бұрын грузиялық қылмыс серкелері «заңды ұры» дәрежесіне көтеріпті. Содан бері шен сыйлаған қамқоршыларына алғысы ретінде Қазақстан түрмелерінен ақша жинауға кіріскен. Сөйтіп, әр сотталушыдан мың долларға дейін ақша бопсалапты. Басым бөлігін Грузияға жіберіп отырған. Ол ұялы телефон арқылы елдің төрт бұрышындағы абақтыларды да қадағалап келіпті. Бондоның заңсыз әрекеттерін 2 жылдан бері тізбелеп жүрген Ұлттық Қауіпсіздік комитеті сотқа 15 томдық қылмыстық іс өткізді.

Loading...