Бұрыннан бүйрегі сыздайтын Мұратжан төсек тартып қалған соң анасы жедел жәрдем шақыртып, шығарып салған. Науқас азаматты дәрігерлер бірден жансақтау бөліміне жатқызған екен. Екі күн бойы ұлының хәлін телефон арқылы ауруханадан біліп отырған туыстарына үшінші күні ұлыңыз жоқ деп жауап беріпті.
Манзура Әлімқожаева, марқұмның анасы:
-Қалай бұл мен түсінбеймін? Адам ғой бұл. Соны бір хабарламаған ешкімге . 8 күннен кейін мәйітханадан таптық.
Жедел жәрдем ауруханасына түскен Мұратжан жеткізілген күннің ертесіне-ақ көз жұмған екен. Алайда марқұмның Шәмшіметов деген тегі ауруханаға түскен кезде Шамшутдинов деп жазылған.
-Мекен-жайы жазылмаған ба түскен кезде?
– Жазылмаған.
– Аурухана Роща деп жазылған. Шамшутдинов 26 қазан 11.45 деп тұр.
Мәйітханада 8 күн жатқан денесі тағы бір күн кешіккенде жалпы молаға көміледі екен. Яғни, қаңғыбастармен бірге. Марқұмның жақындарын қынжылтатыны да сол.
Ділдара Шәмшіметова, марқұмның қарындасы:
-Ертесіне бардық. Жақсы келдіңіз дейді. Әйтпесе, туысы жоқ деп көмгелі жатыр екен. Үйден жедел жәрдем алып кетір ғой. Қалай бұл сонда?
Жедел жәрдем ауруханасындағылар болса Шәмшіметовтың ауыр хәлде түскенін және жеткізілген соң 10 сағаттан кейін наркологиялық уланудан өлгенін айтады. Бірақ туыстарына хабар беру біздің міндетіміз емес дейді.
-Әрине, туысы өлгенді үйіне барып хабарлау ақхалаттылардың міндетіне кірмейді. Бірақ емделушінің көз жұмғанын тиісті органдарға хабарлау қызметтік парыз. Тек, ауруханадағылар бұл туралы жақ ашпайды. Енді туысының мәйітін тек 8 күн өткен соң ғана тауып отырған марқұмның туыстары болса кінәлілерді анықтауды өтініп, Астанаға дейін хат жазамыз деп бекініп отыр.