Шымкентте азық-түлік базары отқа оранды

Барлық сауда алаңдары дерлік жанып кетті. Базардың маңында тұратын тұрғындардың айтуынша, өрт 21 мамыр күні түнгі 12:30 шамасында басталған.

Базарға жақын орналасқан 5 қабатты тұрғын үй тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.