Шымкентте бәйшешек гүлдеді


Былтыр бәйшешек ақпанның басында гүлдеп, елді таңғалдырған еді. Биыл көктем гүлі Шымкенттің шетіне енді жайқалып шыға бастады. Қазір Оңтүстікте сынап бағанасы  түнде 0-ден төмен болғанымен, күндіз 10 градусқа дейін жылы. Синоптиктер бәйшешектің мұндай жағдайда үсімейтінін айтады. Көктем гүлі деп аты айтып тұрғандай, бәйшешектен кейін енді оңтүстікте күн райы да жылына бастамақ.