Босандыратын мекемеде танысы бар Юлдашева көбіне сәбиінен құтылғысы келетіндерді іздеген. Сөйтіп, оларды перзенті жоқ адамдарға сатып отырыпты. 2013 жылдан бері қарай 4 бөбекті 300 мыңнан бастап, миллион теңгенің аралығында саудалаған. Зейнеткер тергеушілерге мұндай қадамға нәрестелер жетімханаға түспесін деген оймен бардым деп ақталды. Алайда өзі 4 қыз тәрбиелеп отырған ақ шашты анаға судья сенген жоқ. Енді алпысты алқымдаған ол 5 жылын жалпы режимдегі колонияда өткізуі тиіс. Ал оның перзентаханадағы сыбайластары қазір тергеліп жатыр. Бүгін үкім оқылған соң сотталушының туыстары оның аты жаман аурумен ауыратынын алға тартып, сот залында шу шығарды.
Loading...