Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыздың жағдайы белгілі болды

Олар 16 ақпан күні "Тұран" ауданында орналасқан Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан белгісіз бағытқа шығып кеткен еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап

Полиция департаментінің қызметкерлері барлық бейнебақылау камераларын бақылап, іздеу жүргізгенінің нәтижесінде жасөпірімдер аман-есен орталыққа жеткізілді. Қазіргі таңда оларға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.

"Мекеме тәрбиеленушілері өздеріне қатысты ешқандай теріс әрекет көрсетілмегенін жеткізді. Қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығына қандай да бір зақым келген-келмегенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру әрекеттері жүргізілуде"
,
 - дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева.