Бұл туралы Tengrinews.kz Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Дәрігерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған 18 бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Соңғы сағаттың өзінде уланған ересектердің саны өскен. Қазіргі уақытта 39 адам ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте 26 адамның балмұздақтан уланғаны хабарланған болатын. "Кеше үш адам жатқызылды. Артынан тағы үш адам. Түнде ұқсас ауру белгілерімен 20 адам жатқызылды. Зардап шеккендер саны 20-дан асса біз жоғары тұрған органға жазамыз. Ол тұтынушыларды қорғау департаменті", - деген еді осыған дейін аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабеков.
Ұқсас тақырып:
Шымкентте 23 бала балмұздақтан уланып қалды
Павлодарда есік қоңырауынан шыққан түтіннен уланған қыз ауруханаға түсті