Шымкентте банктің алты қызметкері сотталды


Сот кеңсесінен хабарлағандай, банк филиалының бастығы мен күзетші алты жылға сотталған, олар жазасын жалпы режим колониясында өтейді. Тағы бұрынғы төрт қызметкер бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл ұрлық 2013 жылы 14-желтоқсанға қараған түні жасалған, сигнализация іске қосылған соң полиция келген, алайда онда банк күзетшісі ұйықтап қалып, ештеңе естімегендігін айтқан. Дегенмен банк сейфінен 63 млн 28 мың теңге жоғалып кеткен.