Шымкентте басқарма бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

"ҰҚКД-нің жедел тергеу тобы төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы бастығының орынбасарын 300 доллар көлемінде пара алып жатқан сәтте ұстады. Бұл ақшаны ол облыс тұрғынынан өнеркәсіп саласындағы лицензиялы қызмет бойынша қорытынды шығарып бергені үшін бопсалаған", - делінген хабарламада.

Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір ол ҰҚКД-нің тергеу абақтысында отыр.