Шымкентте базарды көшіруге нарызылық білдірген сатушылар жолды жауып тастады

Олар кеше сағат он шамасында жолды жауып, көлік жүретін жағында төрт сағаттай тұрды. Алайда қала басшыларының бірі де олардың әрекеттеріне көңіл аударған жоқ. Полиция қызметкерлері де оларды көшеден қудалап әуреге түспеді. Тек көлік қозғалысын басқа көшеге ауыстырды. Ал, әбден тонған сатушылар болмаған соң өздері тарқасты.

Соңғы кезде жергілікті билік қала ішіндегі базарларды жауып, қала сыртына арнайы белгіленген учаскелерге көшіруді қолға алған. Мұндай әрекет жалға алушылардың да, базар қожайындарының да наразылығын туғызуда.

Қалалық сауда бөлімінің агенттік тілшісіне берген ақпаратына сәйкес, соңғы бір айда 15 сауда орны жойылған. "Қалада бар- жоғы 8 базар қалуы тиіс",-дейді бөлім қызметкері.

2005 жылы Шымкентте 50 жуық базар мен сауда орындары болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті