«Идеяны наасихаттау жұмысы тарихи тұрғыдан жүргізілуде. Дегенмен мұнда қандай да бір тұғырнама жасауға, қорытуға тырысушылық байқалады, өйткені «Ел» сөзіның мағынасы үлкен. Бұл мемлекет, халық, аумақ дегенді білдіреді. Ұлттық идеяны ой елегінен өткізу жұмыстары одан әрі жалғаса түсуі тиіс деп ойлаймын. Сарапшылық қоғамдастық бұл арада барған сайын белсенді рөл атқаруы қажет», - деді саясаткер Ерлан Қарин.
Елдің жетекші саясаткерлері, журналистер, блогерлер және жастар ұйымдарының көшбасшылары мемлекеттік-саяси ой-сананың эволюциясын әрбір қазақстандықтың жүрегіне жеткізіп, стратегиялық тұрғыдан келу қалай пысықталғанын түсіндіруі қажет деген қорытындыға келді.
«Егер 1997 жылдан бергі президенттік жолдауларға көз жүгіртер болсақ, Президент оның әрқайсысында тұжырымдамалық тезистерді ұсынғанын көреміз, бұл құжаттарда ұлттық идеология негіздеріне, бәсекеге қабілеттілікке, әлеуметтік жаңартуға маңыз берілді», деп қосты Ерлан Қарин.
Елге және Қазақстан азаматтарына болашаққа бағдарланған идеялар қажет, деген сенімде саясаткерлер, өйткені бір жағынан ол болашаққа сенімге жетелейді, екінші жағынан, бұл біз енді 50 немесе 100 жылдан кейін өмір сүретін елдің қандай болатынын нақты түсінуге мүмкіндік береді.