Caravan Logo

Шымкентте белгісіз біреу әйел мен оның екі баласын айуандықпен өлтіріп кетті

Шымкентте белгісіз біреу әйел мен оның екі баласын айуандықпен өлтіріп кетті

Қаладағы жер үйлердің бірінен полицейлер 53 жастағы әйел мен 21 және 12 жастағы екі ұлының мәйіті табылған. Үшеуі де айуандықпен өлтіріліпті. Қандықол қылмыскер осы отбасының жақын танысы болуы мүмкін деген болжам бар. Ол алдымен әйел мен оның үлкен ұлын қатты затпен ұрып өлтіріпті. Кейін тығылып қалған кішкентай баланы тауып алып, қылқындырып мерт қылған.

Кешегі түннен бері оқиға орнында тергеушілер, криминалды полиция мамандары жұмыс істеп жатыр. Бейнебақылау камерасындағы жазбалар мен саусақ іздері тексерілуде.

«Қылмыс туралы біз учаскелік полициядан естіп-білдік. Ол бізден күдікті ешкімді көрмедіңдер ме деп сұрады. Мен ешкімді көрмедік. Білетінім, бұл үйде әйел мен екі баласы тұратырн. Балалары тым жақсы еді. Тек көшеде ғана көрісіп, амандасып тұратынбыз», - марқұмдардың көршісі.


Көршілердің айтуынша, әйел жалғызбасты болған екен. Балаларын жалғыз өзі аяққа тұрғызған.