№41 мектептің директоры Айна Сарымсақова айтқандай, оқиға шамамен сағат 17:00 кезінде орын алған.
«Тәрбие жұмыстары бойынша меңгеруші маған алтыншы сыныпта математика сабағы жүріп жатқанда біреу терезеге оқ атқаны туралы айтты. Кейін кішкентай тесікті байқадым. Оқты кабинеттен таптық. Ол еденде жатты. Әрине, қаскөйді анықтау үшін бірден полицияның көмегіне жүгіндік», - деді А.Сарымсақова.
Мектепте оқушылардың бұған қатысы жоқ екеніне сенімді. Олардың пікірінше, оқ мектеп маңындағы көп қабатты үйлердің бірінен атылған, ол үшінші қабаттағы кабинеттің терезесіне тиген. Оқушылардың сөзіне қарағанда, атылған дыбыс сызғышпен үстелді ұрғанға ұқсаған. Кейін барлығы терезедегі тесік пен сынған шыны бөлшектерін көрген. Шыны сынықтарынан оқушы қыздардың бірі жарақаттанып қалды. Қалғандары жапа шекпеді, алайда бұл оқиға оқушылар арасында үрей тудырды. Оқиғадан соң мектеп психологы оқушылармен әңгімелесу жүргізді.