Кеше кешке Добролюбов көшесіндегі №2 үйдің жанында орналасқан қоқыс салатын контейнерде белгісіз зат жарылды. "Жарылыстан контейнердің жарықшақтарынан 30-40 метр радиуста Гагарин көшесіндегі бес қабатты үйдің 1 және 3- қабаттары аралығындағы пәтерлер мен Добролюбов көшесіндегі жай үйдің терезе әйнектері бүлінді", деп хабарлайды министрлік.
Қазір тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті