Шымкентте бес мектеп оқыту маусымына дайын емес - телеарна

Журналистердің хабарлауынша, №54 мектепте ауыз су жоқ. Мектеп ғимаратына осыдан бір жыл бұрын су құбыры тартылып, оны тартуға 178 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалған. Мердігер - "Қуаныш" компаниясы құрылыс жұмыстарын аяқтаған, бірақ құжаттамалары әлі күнге дейін рәсімделмеген, соған байланысты су құбыры іске қосылмай отыр.

№№29 және 26 мектептер жылыту маусымына дайын емес, оларда терезелерді жылылау қажет.

Ал №№55 және 66 мектептер апатты жағдайда.

Қазір барлық оқу орындарында қалалық білім беру бөлімдері мен аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау бөлімдерінің комиссиялары жұмыс істеуде.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Шымкентте 77 мектеп бар.