Жоғары жылдамдықпен келе жатқан ауыр техника бұрылыстың бірінде төңкеріліп қалған. 50 тонналық жүк көлігі тоқтап тұрған машинаны соғып барып жол жиегінде келе жатқан екі әйелдің алдына аударылыпты. Бетонараластырғышта бір жолаушы болған. Аяғы қысылып қалған оны құтқарушылар шығарып алса, тағы жол жиегінде тұрған көлік жүргізушісі мен жаяу келе жатқан әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізді.
-Дөңгелек шешіп жатқанбыз ауыстырып. Домкратты қоя берген кезімде қатты соққы болды. Сөйтіп, мені мына жерге лақтырып жіберді.
Loading...