С.Қаракөзованың айтуынша, 8-тамызда Шымкент қаласы Абай аудандық шкі істер басқармасының қызметкерлері бір әйел мен оның жас шамасындағы баласын өлтірген күдікті ретінде 30 жастағы тұрғынды қамауға алды. Кісі өлтіру оқиғасы 2005-жылдың 9-мамырында болған. Тергеу-іздестіру шараларының барысында тәртіп сақшылары күдіктінің сол күні мас күйінде таныс әйелден қарызға ақша сұрай барғанын анықтады. Қарыздан қағылған әлгі әйел мен оның қолындағы жас шамасындағы қызды буындырып өлтірген.
Қылмыстан кейін ол жәбірленушінің әмиянынан 200 АҚШ доллары, 7 мың теңге мен ұялы телефонды алып кеткен.
Ұрланған ұялы телефон тәркіленген соң күдікті істеген қылмысын мойындады. Қазір қылмыскер тергеу абақтысында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.