Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жария етті.
Құтқарушылар Қарасу каналаның Бадамға құяр жерінен баланың денесін тапты» делінген хабарламада.
Еске салсақ, 11 наурыз күні Шымкентте тойхананың алдында бала жоғалған болатын. Іздеуге 100-ге тарта адам жұмылдырылған. Құтқарушылар каналдың арнасын жауып, іздестіру жұмыстарын жүргізген.
«Өкінішке қарай, үміт ақталмады. Әлинұрдың ата-анасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз және барлық ата-аналарды мүмкіндігінше балаларына мұқият болуға шақырамыз» делінген хабарлама мәтінінде.