Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, осыдан екі күн бұрын облыстық клиникалық ауруханаға №44 орта мектепте 11-ші сыныпта оқитын 17 жасар бозбала жатқызылған. Оған шұғыл операция жасалған. Бірақ баланың жағдайы бүгінге дейін ауыр деп бағалануда, ол аппаратпен тыныс алуда.
Тәртіп сақшыларының анықтағанындай, жәбірленушіні осы мектепте 9-шы сыныпта оқитын оқушы атқан. Ол оқиғаны "үнемі өзіне тиісіп жүретін 11-ші сыныпта оқитын спортшы ұлды қорқытпақ болдым" деп түсіндіреді. Оның айтуынша, досымен бірге автокөлікпен келе жатқан ол жәбірлеушіні көреді. "Қорқытпақ болып мылтықты кезендім. Осы сәтте көлік қатты шайқалып кету салдарынан оқ атылып кетті",- дейді ұсталған.
Қазір оқушы тұтқындалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті