"Бір-бір жарым айда біз "Шымкент ипподромы" акцияларының мемлекеттік қоржынының бір бөлігін сатуға байқау өткіземіз. Бұдан кейін реконструкциялау жұмыстары басталады. Бұл жерде біз халықаралық стандартқа сай келетін, Оңтүстік Кореядағы ат жарыстары жүйесіне сай келетін мүлдем жаңа ипподром саламыз", - деді А. Жетпісбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы мен Оңтүстік Кореяның NOASON фирмасының бас директоры Ли Ин Сун ипподромды реконструкциялау жөніндегі ниет келісім-шартына ағымдағы жылдың 31 қаңтарында қол қойған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті