Шымкентте бірнеше шенді полицей қызметтен қуылды

Шымкенттен сатып алынған екі автокөліктің техникалық құжаттағы нөмірі бірдей болып шыққан. Ішкі істер Министрлігі осы деректі жан-жақты тексергенде, Қазақстанда тағы осындай 62 машина бар екенін анықтады. Тексерілудің әлі жүргізіліп жатқанын ескерсек, жалған құжатпен жүргендердің саны бұдан да көп болуы әбден мүмкін. Айта кететін жәйт, бұл көліктердің барлығы кезінде Қырғызстаннан әкелініпті.


Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-ІІД бастығының орынбасары,әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары босатылды. Ал, емтихан тіркеу бөлімінің бастығы қазіргі таңда ауруханада жатыр. Ол жұмысқа кіріскен кезде оған да шара қолданылады.