"14 сағат 27 минутта жеңіл дүмпу сезілді. Бізге үйдің жоғарғы қабатында тұратын бір әйел ғана телефон соқты, әйтпесе, жер сілкінісі мүлдем дерлік сезілген жоқ", -дейді сейсмостанция қызметкерлері.
Сейсмологтардың мәліметінше, қуаты 3-4 балл жер сілкінісі Өзбекстан аумағында, Шымкенттен 115 шақырым жерде болған, қазір мәліметтер нақтылануда.