Шымкентте электр энергиясы мен су қымбаттады.
ОҚО Табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлағандай, қаңтардың бірінен бастап Шымкентте тариф 11 пайыз қымбаттады.
Бұдан былай тұрғындар судың бір текше метрі үшін бұрынғы 47 теңге 75 тиынның орнына 53 теңге төлейді. Бюджеттік мекемелер бұрынғы 212 теңге 94 тиынның орнына 236 теңге 36 тиын, коммерциялық ұйымдар 165 теңге 27 тиынның орнына 183 теңге 35 тиын төлеуі тиіс.
Оңтүстікте электр энергиясы да қымбаттады. 1-деңгей (70 кВт дейін) электр энергиясының киловаты үшін 12 теңге 08 тиын; 2-деңгей (70-140 кВт) - 15 теңге 90 тиын; 3-деңгей(140 кВт жоғары) - 19 теңге 88 тиын төлейді.