Шымкентте энергокомпанияға ауаны ластайтын қалдық заттар тастағаны үшін 182 млн теңге айып салынды


Энергетикалық компанияның үстінен экологиялық реттеу және бақылау комитетінің облыстық экология департаменті  шағым түсіріп, 181,8 млн теңге өндіруді талап еткен.
Ол кезде сот талап-арызды жартылай қанағаттандырып, «Энергоорталық» АҚ-дан мемлекетке 28,88 млн теңге өндіріп алынған болатын.
Облыс прокуратурасының қарсылығы бойынша азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бірінші саты сотының шешімін өзгертіп, «Энергоорталық-3» АҚ-дан мемлекетке қосымша 152,94 млн теңге және 4 млн теңге 558 мың 268 теңге мемлекеттік баж салығын өндірді.