Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"24 қаңтарда сағат 8.40-та жедел басқарма пультіне көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен екі ер адамның - 1994 жылғы және 1992 жылғы өлі табылғаны хабарланды. Екеуі де Шымкенттің № 556/52 әскери бөлімінде қызмет еткен. Пәтер жалдап тұрған. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.
ТЖД мәліметінше, үйді жылыту мақсатында газ плитасы қолданылған. Нәтижесінде пәтерде табиғи газ тарап кеткен. ТЖД үш қызметкері мен полиция департаментінің төрт қызметкері жұмылған.