KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің берген түсініктемесіне сәйкес, оқыс оқиға бұрынғы фосфор зауытының аумағында болды. Жергілікті бір кәсіпорынның жұмысшылары - 32 жастағы газбен дәнекерлеуші мен 20 және 30 жастағы оның екі көмекшісі металл конструкцияларды кесу үшін газбен істейтін кескішті тұтандырған сәтте газды қоспа жарылып, жана бастаған. Зәре-құттары қалмаған тәжірибесіз екі көмекші құрамында фосфоры бар сұйықтық құйылған тұндырғышқа секіріп түскен.
Соның салдарынан денесінің 80 проценті 1-3-дәрежелі күйікке шалдыққан олар аса ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті